×

Доллар бағамы тағы 1,24 теңгеге төмендеді - KASE

19-24 наурыз аралығындағы доллардың ресми бағамы 505,22 теңге болған еді

 Ербол Тұрымбет 25.03.2022 | 13:58
коллаж: Halyq Uni

Қазақстан қор биржасының (KASE) деректері бойынша, таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 494,03 теңге болып, бір тәулік ішінде 1,24 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, 25 наурыздағы Ұлттық банк белгілеген долларының ресми бағамы - 495,43 теңге.

Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 496,60 теңге, сатылым - 491,73 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 496,49 теңгеден сатып алады, 492,07 теңгеден сатады.

Қазақстанда шетел валютасы осымен екінші күн қатарынан арзандап жатыр. 24 наурызда күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 9,93 теңгеге төмендеп, 495,43 теңге болды.

Айта кетейік, доллардың 19-24 наурыз аралығындағы ресми бағамы 505,22 теңге болған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама