Бүгін КҚК-дағы бір айлақ жұмысын бастайды
Энергетика министрі Қазақстан айтарлықтай шығынға ұшырамайтынын атап өтті
Бүгін Каспий құбыр желісі консорциумындағы жылжымалы айлақ қондырғысының (ЖАҚ) бірі жұмысын бастайды. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, қалған екі қондырғыны іске қосуға үш аптадай уақыт қажет.
«Кеше біз КҚК-дағы әріптестерімізбен техникалық консультация өткіздік. Бізде бүгін 1-ЖАҚ іске қосылып, танкерге жіберіледі деген ақпарат бар. Бұл бізді өндіру бойынша айтарлықтай шығындардан құтқарады. Сондықтан дауыл тынышталады еп үміттенеміз. 1-ЖАҚ бүгін іске қосылады, танкерлер тиеуге шығады, ал 2 және 3-ЖАҚ бойынша үш апта ішінде жөндеу аяқталып, бәрі қалыпқа келеді деп үміттенеміз», - деді министр.
Сонымен бірге министр Қара теңіздегі дауылдың салдарынан үшінші ЖАҚ-та апат болғанын, ал 2 қондырғы да жұмыс істемей тұрғанын еске салды. Оларды тексеру үшін барлық үш айлақ ажыратылған.
«Бұл біздің кен орындарымыз бірнеше күн бойы резервуарлық паркте жұмыс істей алады дегенді білдіреді. Содан кейін, егер Новороссийск портындағы ЖАҚ-ты жөндеу жағдайы ұзаққа созылса, бұл барлық үш ірі кен орнында өндірудің қысқаруына әкелуі мүмкін», - деп толықтырды ол.
Ведомство басшысының КҚК-да ұзақ жөндеу жұмыстары жүргізілген жағдайда, Қазақстан баламалы бағыттар бойынша ай сайын 1,3 млн тонна немесе жылына 16 млн тонна мұнай бағыттай алатынын айтты. Ал мұндай жағдайда өндіру бойынша шығындар айына 3 млн тоннаны құрауы мүмкін.
«Экспорттың 68 млн тоннасының 53-54-і КҚК арқылы жіберіледі, бұл өте маңызды бөлігі. Басқа балама бағыттарды толық көлемде дамытуға болады, бірақ бұл өте ұзақ уақытты қажет етеді және техникалық шешімдер қабылдау қажет, оның ішінде жаңа құбырлар салу қажет болуы мүмкін. Сондықтан жедел қосалқы режимнен 16 млн тоннадан астам баламалы маршрут бар, біз оны жыл сайын қайта бағыттай аламыз», - деді Болат Ақшолақов.
Сонымен бірге, Энергетика министрі Каспий құбыр желісі консорциумын жөндеу бойынша пессимистік сценарийді атап өтті.
«Ең пессимистік сценарий - бұл 2 айлық жөндеу. КҚК мүлдем жоғалып кете алмайды, бұл ресейлік немесе қазақстандық құбыр емес, бұл көп ақша салынған Еуропада, жалпы әлемде тұтынушысы көп халықаралық консорциум. Оны кез келген жағдайда жөндеу керек және олар мұны істейді», - деп қосты ол.
Министр бірінші айлақ 25 наурыздан бастап іске қосылғанын ескере отырып, Қазақстан айтарлықтай шығынға ұшырамайтынын атап өтті.
«Егер бірінші айлақ жұмыс істемесе және барлық үш айлақ тоқтап тұрса, онда айына 4,4 млн тонна, оның ішінде балама бағыттар бойынша 1,3 млн тонна бөліп, 3 млн тонна жоғалтар едік. Бірақ жыл басында мұнайдан түсетін пайда барреліне 60 доллар деңгейінде қаланғанына байланысты, бүгінде баға 120 доллар шегінде, бұл ақша түсімдері тұрғысынан 2 есе жоғары, сондықтан мен мұндай жағдайда ақша алу бойынша үлкен проблемаларды көріп тұрғаным жоқ», - деп нақтылады Болат Ақшолақов.