×

Қазақстанда 2,5 пайыздық несие кімдерге берілетіні айтылды

Несие алатын кезде ауылдағы үй де кепіл ретінде қабылданады 

 Айгерім Таубай 08.02.2023 | 13:02
Halyq Uni

2023 жылдың наурызынан бастап жастарға 2,5%-дық несие беріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Шағын несие 21-35 жас аралығындағы жастарға беріледі.

Міндетті түрде азаматтың жеке кәсіпкерлігі болуы керек. Жеке кәсіп жүргізіп отырғанына 5 жылдан көп уақыт болмауы шарт. Шағын несие 5 жылға беріледі, егер ауыл шаруашылығы саласында мал сатып алатын болса, 7 жылға беріледі, - деді Асқар Ниязов БАҚ өкілдерімен кездесуде.

Несиенің ең үлкен сомасы – 5 миллион теңге. Пайыздық мөлшерлемесі – 2,5%.

Шағын несие болса да, міндетті түрде кепілдік болуы керек. Биыл 5 796 шағын несие беруге 29 миллиард теңгеге жуық қаражат қарастырылды, - деді ол.

Несие «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі.

«Жергілікті бюджетке қаражат аудару барысындағы келісімшарттарға қол қою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Содан кейін «Аграрлық несие корпорациясы» мен жергілікті әкімдіктер келісімге отырады. Наурызда жұмыс басталады деп жоспарланған», - деді Асқар Ниязов.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың айтуынша, кепіл ретінде ауылдағы жылжымайтын мүлік те қабылданады.

Ауылдық жерде үйі болса, кепіл ретінде қабылдай аламыз. Ол туысының атындағы мүлік болуы да мүмкін. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мүлікті бағалайды, - деді вице-министр.

Айта кетейік, азамат шағын несие алуға өтінім бергеннен кейін 36 күн ішінде шешім қабылданады. Ол уақытта кепілген қойылған мүлікті бағаланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама