Алты өңірде тапшылық жоғары
Өңірлердің 2 ақпандағы жедел деректері бойынша елімізде 1 млн тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар тауарлар қоры бар. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, әкімдіктер өткен жылдың күзінен бастап биылғы маусымаралық кезеңде нарықта көкөніс қорларын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Министрлік те өз тарапынан әкімдіктерге «инфляциялық кезеңде» (ақпан-мамыр) ішкі нарықтың қажеттілігін жабу үшін көкөністер бойынша ұсынылатын көлем жеткізген. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бүгін Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Halyq Uni
Дегенмен, бүкіл өңір 85,8 мың тонна картопқа келісімшарт жасаған. Оның ішінде келісімшарт көлемі 50-100% аралығында, яғни сары аймақта 7 өңір: СҚО, Ақтөбе, Алматы, Маңғыстау, Павлодар, Ұлытау облыстары және Шымкент қаласы орналасқан.
Оның сөзінше, сәбіз бойынша да осындай жағдай. Мысалы жалпы, өңірлер келісімшарттарының көлемі 28,8 мың тоннаны құраған. Ондағы көлемі 50%-дан 100%-ға дейінгі сары аймақта 8 өңір: Ақтөбе, Жамбыл, Алматы,
Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары, Астана, Шымкент қалалары кіріп тұр.
Ал Павлодар облысы тіпті қызыл аймақта, онда келісімшарт көлемі 50%-дан да төмен.
Өңірлерге 2 мың тонна импорт, ерте пісетін көкөністерден 3,8 мың тонна импорт керек.
Қырыққабат бойынша да жағдай осы тектес. Өңірлердегі келісімшарт көлемі 19,1 мың тонна. Оның ішінде келісімшарты 50%-дан 100%-ға дейінгі сары аймақта 9 өңір тұр. Олар: Атырау, Ақтөбе, Ақмола, БҚО, Павлодар облыстары, Абай облысы, Астана, Алматы және Шымкент қалалары.
Бес өңір қызыл аймақта, яғни келісімшарт көлемі 50%-дан да төмен. Бұл Маңғыстау, Алматы, Жамбыл, Жетісу және Ұлытау облыстарындағы жағдай.
Бұл тапшылықтардың орнын толтыру үшін көкөніс қоры асып тұрған өңірлерден тасымалдау, сондай-ақ, жергілікті өндірушілермен қосымша келісімшарт жасау арқылы шешу көзделіп отыр.