Halyq Uni логотип
×

Доллар бағамы шамамен 10 теңгеге төмендеді

Таңғы саудада доллар бағамы 501,49 теңге, күндізгі сауда-саттықта 495,43 теңге болды

 Ербол Тұрымбет 24.03.2022 | 15:54
Доллар бағамы шамамен 10 теңгеге төмендеді
коллаж: Halyq Uni

Қазақстан қор биржасының (KASE) дерегі бойынша доллар бағамы тағы 10 теңгеге төмендеді.

KASE мәліметінше, күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 9,93 теңгеге төмендеп, 495,43 теңге болды. Айта кетейік, таңғы саудада доллар бағамы 501,49 теңгеге тең болды.

Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа бағамы - 491,08 теңге, ал сатылым - 496,43 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 490,50 теңгеден сатып алады, 496,10 теңгеден сатады.

Ұлттық банк 25 наурызға арналған доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамын белгіледі. Жұмада доллар бағамы 495,43 теңге болады. Айта кетейік, доллардың 19-24 наурыз аралығындағы ресми бағамы 505,22 теңге болған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама