Фриланс жұмыс көп ұсынатын салалар – шығармашылық, ақпараттық технология және аударма ісі
Қазақстандықтар арасында соңғы уақытта қыста экзотикалық елдерде жатыр, дәмханада немесе үйде отырып қашықтан жұмыс істеу кеңінен тарала бастады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Соңғы бір жылда HeadHunter компаниясының сайтында фриланс жұмыс іздеушілер саны екі еседен астам, дәлірек айтқанда, 142% өсті.
Жұмыстың бұл түрі несімен тартымды?
hh.kz сайтындағы түйіндемелерді талдағаннан кейін біз Қазақстанда фрилансер ретінде өз қызметтерін жиі ұсынатын мамандардың үш негізгі тобын анықтадық. Бірінші орында шығармашылық мамандықтардың өкілдері – дизайнерлер мен суретшілер. Одан кейін IT мамандары – бағдарламашылар, әзірлеушілер және т.б. Одан кейін шет аудармашылар көп.
ФРИЛАНСЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ
2022 жылға жұмыс берушілер фрилансерлерге саласына, тәжірибесі мен біліктілігіне қарай 200 000 теңгеден 1 500 000 теңгеге дейін жалақы ұсынды.
Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады: фрилансерлердің жалақысы кеңсе қызметкерлерінің жалақысынан еш кем түспейді, деп жазады HeadHunter сарапшылары.