×

Мигранттар Өзбекстанға 17 млрд доллар ақша аударды

2021 жылы шет елден 8,1 млрд доллар жіберілген

 Дастан Жұмабекұлы 01.02.2023 | 14:17
фото: podrobno.uz

Былтыр Өзбекстанға халықаралық ақша аударымдары арқылы 16,9 млрд доллар сомасында валюталық қаражат түскен.

Өзбекстан Орталық банкі Ішкі валюта нарығының мәліметіне қарағанда, бұл көрсеткіш 2021 жылы 8,1 млрд доллар болса, 2020 жылы 6 млрд долларға жеткен. Ал былтыр шет елде жұмыс істейтін мигранттардың өз елдеріне ақша аударымы 17 млрд долларға жуық ақша болған.

Қырғызстан мен Тәжікстаннан да мигранттар өз Отандарына ақша аударып келеді. Мысалы, 2019 жылы Ресейдің бір өзінен қырғыз мигранттар 2 млрд 191,9 млн доллар жіберген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама