×

Премьер-министр бизнеске қойылатын артық талаптарды жоюды тапсырды

Барлық мемлекеттік орган ұсыныстарды Ұлттық экономика министрлігіне жіберуге тиіс

 Дәурен Ерболат 31.01.2023 | 10:35
фото: Halyq Uni

Премьер-министр Әлихан Смайылов бизнеске қойылатын артық талаптарды жоюды көздейтін заң жобасын 2 аптада Үкіметке енгізуді тапсырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанда кәсіп жүргізуді жеңілдету үшін заң аясында қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

Заң жобасы жалпы 66 жобаға түзетулерді қамтиды. Бүгінде осы заңға енгізілетін түзетулерді жинап жатырмыз. Осы аптаға дейін барлық мемлекеттік орган өз ұсыныстарын бізге жіберсе, жақын арада, бір аптаның ішінде ұсыныс енгіземіз. Оған дейін біз оны «Ашық НҚА» сайтына шығарамыз, - деді министр Үкімет отырысында.

Әлихан Смайылов ведомствоға жұмысты тезірек бітіруді тапсырды.

«Осы аптаның аяғына дейін барлық мемлекеттік орган барлық заңнамаға енгізетін ұсыныстарын Ұлттық экономика министрлігіне беру керек. Ал министрлік келесі аптаның басынан бастап, 2 аптада Үкімет аппаратына заң жобасын енгізуі қажет. Оны тездетіп қабылдауымыз керек», - деді премьер-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама