×

Зергерлік бизнесте ашықтық жоқ – Елікбаев

Былтыр 1 400-ге жуық субъект тексерілген

 Дәурен Ерболат 27.01.2023 | 14:10
Фото: pixabay.com

Бүгінде зергерлік бизнесінде ашықтық жоқ. Сондықтан Кәсіпкерлік кодексті қайта қарау керек. Бұл туралы СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, 2022 жылы зергерлік бұйымдарды сататын 1 397 субъектіге кәсіби бақылау жүргізілген. Оның ішінде 1059 деректе (76%) заңбұзушылықтар анықталған.

Қуаныш Елікбаев биыл осы бағыттағы жұмысты күшейту керектігін атап өтті.

Зергерлік бұйымдар саласына тоқталайын. Оларды сататын субъектілерге тек хабарлама жіберуді көздейтін заңда жұмсақ нормалар бар. Біз хатты жібереміз. Оның жауабын күтеміз, алайда жауап болмауы да мүмкін. Жауапқа тартуға, (субъектіге – автор) баруға, (зергерлік бұйымдарды – автор) тәркілеуге болмайды, - деді төраға комитеттің алқа отырысында.

Ол бүгінде мұндай нысандарды тексеру мүмкін емес екенін жеткізді.

Қазіргі мораторий жағдайында және Кәсіпкерлік кодексінде (мәселені шешуге – автор) ешқандай тетіктер жоқ. Сарапшылардың бағалауынша, зергерлік бұйымдар сататын орындардың 90%-ы «көлеңкелі (бизнесте – автор)». Салада ашықтық жоқ. Сондықтан заңды түбегейлі қайта қарау қажет, - деп сөзін түйіндеді Қуаныш Елікбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама