Halyq Uni логотип
×

Еліміздегі импорттық кеден баждары бұрынғыдай доллармен бөлініп, есепке алынады

Қазақстан үкіметі осылай деп мәлімдеді

 Халық үні 19.03.2022 | 12:00
Еліміздегі импорттық кеден баждары бұрынғыдай доллармен бөлініп, есепке алынады
коллаж: Halyq Uni

Елімізге жиналатын импорттық кеден баждары бұрынғыдай доллармен бөлінеді және есепке алынады.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта мүше мемлекеттердің бір-бірінің бюджетіне импорттық кедендік баждарды жинау және өзара аудару бойынша міндеттемелері көзделген. Бұл тетік әрбір мемлекетте біркелкі және мынадай негізгі кезеңдерді қамтиды: үшінші елдерден келіп түсетін тауарлардан ұлттық валюталарда импорттық баждар сомаларын жинау; импорттық баждардың келіп түскен сомаларын белгіленген коэффициенттерге сәйкес бөлу, оны долларға айырбастау және оларды кейіннен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге жіберу, – дейді үкімет.

Ресейге салынған санкцияларға байланысты мүше мемлекеттердің кедендік әкелу баждарын Ресей мен Беларуське доллармен аударуы мүмкін емес.

«Келіссөздер қорытындысы бойынша қазақстандық нұсқа қолдау тапты: Ресейге және Беларуське кедендік әкелу баждарын есепке алу және бөлу үшін Ұлттық жөнелтуші банктердің бағамы бойынша Ресей рублі пайдаланылады», – делінген ақпаратта.

Қазақстанға, сондай-ақ Арменияға және Қырғызстанға жиналатын импорттық кедендік баждар бұрынғыдай доллармен бөлінеді және есепке алынады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама