×

Қазақстандық кәсіпкерлер Ресейден дәнді дақылдар әкеле алмай отыр

Ресейде дәнді дақылдар экспортына, соның ішінде ЕАЭО елдеріне тасымалдауға уақытша тыйым салынды

 Қымбат Елтайқызы 19.03.2022 | 11:00
фото: ашық дереккөзден

Ұлттық палатаға 20-дан аса кәсіпкер Ресейден дәнді дақылдар әкелуге қатысты проблемаларға тап болғанын хабарлады. Ресейден дәнді дақылдар әкелуге тыйым салуға байланысты «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлер тап болған проблемаларды жинауды бастады.

Ресейде дәнді дақылдар экспортына, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тасымалдауға уақытша тыйым салынды. Шектеу бидай, қарабидай, арпа және жүгеріге қойылды. Қантты ЕАЭО елдеріне тасымалдау Ресей ауыл шаруашылығы министрлігі берген рұқсат негізінде ғана мүмкін болады (Ресей үкіметінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №361 және 362 қаулылары), – дейді Атамекен.

Дәнді дақылдарды экспорттауға шектеу 2022 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады.

ҰКП отандық кәсіпкерлерге Қазақстан-Ресей шекарасын кесіп өтуге көмектесу үшін Қазақстанға жөнелтуді талап ететін көліктер мен вагондар туралы деректер жинай бастады. Тауар тиелген автокөліктер мен вагондар туралы ақпарат Ресей тарапымен нақты келіссөздер жүргізу үшін ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктеріне жедел жіберіледі.

«Бізге дәнді дақылдар тасымалдайтын 20-дан аса компания жүгінді. Көптеген компания дәнді дақылдарды жеткізу туралы келісімшарттарды тыйым салынғанға дейін жасаған. Қазір дәнді дақыл тиеген машиналар мен вагондар Қазақстанға шыға алмайды», – деді «Атамекен» ҰКП Экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары Райымбек Жүнісов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Астанада өрт салдарынен көпқабатты 23 үй жарықсыз қалды

Жарық өртенген қондырғылар толық тексеруден өтіп болғаннан кейін бір-ақ беріледі
26.03.2023 | 12:00

Путин ядролық қаруды Беларусь аумағында сақтайтынын жасырмады

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
26.03.2023 | 11:23

Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

Ол қатарынан 10-жеңісіне қол жеткізді
26.03.2023 | 10:43

«Күйеуге шығып, борщ дайындау керек». Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлікті сынады

Өзі біз шұғыл жиналыс жасап, не істерімізді білмей жатқан кезде отельде қыдырып жүрген, - дейді
26.03.2023 | 09:30