Доллар бағамы тағы 2 теңгеге түсті
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді.
Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 17 наурыз кешімен салыстырғанда 1,85 теңгеге төмендеп, 1 доллар 504, 76 теңге болды.
Ұлттық банктің 18 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 506, 14 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 509, 54 теңге, сатып алу – 513, 95 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 509, 31 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 514, 52 теңге.
Еске салайық, 15 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 мың долллардан асатын шетел валютасын Қазақстаннан шығаруға тыйым салатын жарлыққа қол қойды.
Енді Қазақстаннан:
1) Ұлттық банк әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын;
2) Ұлттық банк шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын және алтыннан жасалған «ALTYN BARYS» және күмістен жасалған «KÚMIS BARYS» инвестициялық монеталарын, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынады.