×

Риддердегі ЖЭС-ке жаңа қазақстандық инвестор келді

Жаңа инвестор нысанды жөндеуге 7 млрд теңге бөлуге тиіс

 Дәурен Ерболат 24.01.2023 | 12:59
фото: test.kz

Риддер қаласындағы жылу электр станциясының (ЖЭС) инвесторы ауысты. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыс басшысы Риддердегі ЖЭС-тің инвесторы ауысқанын атап өтті.

Қазақстан заңдары бойынша бұл нысан жекенің меншігінде. Бүгін (процесс – авт.) аяқталды, сатып алу/сату бойынша қол қойылды. Қазір бізде жаңа меншік иесі бар. Мен меншік иесі тиімді жұмыс істейді деген ойдамын. Келісімге сәйкес, алдағы уақытта инвестор нысанға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кемінде 7 млрд теңге салуы керек, - деді Даниал Ахметов.

Өңір басшысының пікірінше, заңдарға түзету енгізілуге тиіс.

«Өкінішке қарай, Қазақстан заңдары қиын жағдайға қарамастан меншік нысанын өзгертуге, оның жұмысына кірісуге мүмкіндік бермейді. Біз құқықтық мемлекет аясында жұмыс істейміз. Менің ойымша, Энергетика министрлігі маңызды жағдайларда меншік нысанын өзгертуге құқық беретін тиісті өзгерістер енгізуі керек», - деді облыс әкімі.

Даниал Ахметов жылу электр станциясының жаңа инвесторы Қазақстан азаматы екенін атап өтті.

Жаңа инвестор келді. Ол – қазақстандық инвестор. Мен оған қойылған шарттарды білмеймін. Өйткені бұл – құпия ақпарат. Бұл жұмыспен екі меншік иесі айналысып жатыр, - деді өңір басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама