Бұл халық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ме?
Сауда және интеграция министрлігі азық-түлік бағасын тұрақтандырудың жаңа тәсілдерін әзірлеп жатыр.
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: Жаңару және жаңғыру жолы» атты халыққа арнаған жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Ерлан Баттақов баяндама жасады.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында республикалық және өңірлік деңгейлерде шаралар қабылдануда. Осылайша, елімізде 1,3 млн тонна азық-түлік тауарларының қоры бар, бұл халық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті.
Бұдан басқа, бағаның негізсіз өсуіне және алыпсатарлыққа жол бермеу үшін республикалық және жергілікті атқарушы органдар дүкендердің сауда үстемесін сақтауы бойынша тұрақты тексерулер жүргізеді.
«Айналым схемасы» шеңберінде сатып алуды қаржыландыруды 54,6-дан 100 млрд теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды. Ал тұрақтандыру қорларын есепке алатын болса, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу үшін қаржыландырудың жалпы көлемі 140 млрд теңгеге дейін жеткізіледі, — деді Баттақов.
Бағаны тұрақтандыру құралдарын жетілдіру мақсатында жаңа тәсілдер әзірленіп жатыр.
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың сатып алу көлемін ұлғайтумен, үш бағыт бойынша тауарлар бөлінісінде азық-түлік сатып алу ұсынылады.
«Жоғарыда аталған тәсілдер халықты өніммен жеткілікті көлемде және қолжетімді бағамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді ол.