Қазақстанға қолма-қол валюта жеткізу қалыпқа келе бастады
Елімізге қолма-қол шетел валютасын жеткізу жағдайы қалыпқа келіп жатыр. Қаражаттың алғашқы легі жетті. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді.
Қазір сатып алдық. Алғашқы партия жеткізілді. Сондықтан қолма-қол ақшаға қатысты жағдай қалыпқа келе бастады, – деді Пірматов.
«Қалыпты жағдайда коммерциялық банктер қолма-қол валютаны өздері сатып алып, жеткізеді. Мұны қосымша «қауіпсіздік жастықшасы» болу үшін жасаймыз. Егер кенеттен қандай да бір коммерциялық банкте валюта жетпесе, береміз», – деп қосты ол.
Бұған дейін Ұлттық банк Федералдық резервтік жүйе – АҚШ орталық банкінен қолма-қол шетел валютасының қосымша көлемін жеткізу мәселесін қарастырғанын хабарлады.