Halyq Uni логотип
×

Елге доллардың алғашқы партиялары жеткізілді

Қазақстанға қолма-қол валюта жеткізу қалыпқа келе бастады

 Халық үні 16.03.2022 | 15:30
Елге доллардың алғашқы партиялары жеткізілді
фото: ашық дереккөзден

Елімізге қолма-қол шетел валютасын жеткізу жағдайы қалыпқа келіп жатыр. Қаражаттың алғашқы легі жетті. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді

Қазір сатып алдық. Алғашқы партия жеткізілді. Сондықтан қолма-қол ақшаға қатысты жағдай қалыпқа келе бастады, – деді Пірматов.

«Қалыпты жағдайда коммерциялық банктер қолма-қол валютаны өздері сатып алып, жеткізеді. Мұны қосымша «қауіпсіздік жастықшасы» болу үшін жасаймыз. Егер кенеттен қандай да бір коммерциялық банкте валюта жетпесе, береміз», – деп қосты ол.

Бұған дейін Ұлттық банк Федералдық резервтік жүйеАҚШ орталық банкінен қолма-қол шетел валютасының қосымша көлемін жеткізу мәселесін қарастырғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама