Қазақстан мен Қытай шекарасындағы карантиндік шектеулер алынатын болды
Қытай тарапы енгізген жаңа талаптар бірқатар тасымалдаушының наразылығын тудырды
2023 жылғы қаңтардың бірінші онкүндігінен бастап Қытай тарапы қазақ-қытай шекарасындағы бұрын енгізілген шектеу және карантиндік шараларды алып тастайды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Қытай тарапы ҚХР аумағына тасымалдауды пандемияға дейінгі жағдайдағыдай қалпына келтіріп, автокөлік құралдарын қабылдамақ. Бұл ретте автокөлік жүргізушілерінде виза, ПТР тест нәтижесі, сондай-ақ олардың көлік құралы халықаралық стандарттарға сәйкес болуға тиіс.
Шекарадағы шектеулерді алып тастағаннан кейін, бұрын қытай тарапы белгілеген автокөлік құралдарының сипаттамаларына қойылатын талаптар сыртқы экономикалық қызметке бірқатар қатысушының наразылығын тудырды, себебі олар автокөлік құралдарына қойылатын қатаң талаптар кезінде автокөлік құралдарын қайта жабдықтау бойынша белгілі бір шығынға ұшырады.
9 қаңтарда ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылық құрамы «Қалжат» өткізу пунктінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кездесу өткізді.