Halyq Uni логотип
×

Қазақстан теңге-рубль конвертациясынан бас тартады

Ұлттық банк Үкімет қаулысын қоғамдық талқыға шығарды

 Халық үні 09.01.2023 | 15:40
Қазақстан теңге-рубль конвертациясынан бас тартады
коллаж: Halyq Uni

Ресей үкіметі, Ресей банкi және Қазақстан үкіметі, ҚР Ұлттық банкi арасындағы рубль мен теңгенiң өзара конвертациялануын және бағамдарының тұрақтануын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімнің күшін жоймақ. Ұлттық банк келісімнің күшін жою туралы Үкімет қаулысының жобасын қоғамдық талқыға шығарды.

«1995 жылғы 20 қаңтарда Мәскеу қаласында жасалған Ресей үкіметі, Ресей банкi және Қазақстан үкіметі, ҚР Ұлттық банкi арасындағы рубль мен теңгенiң өзара конвертациялануын және бағамдарының тұрақтануын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімнің күші жойылсын», - делінген қаулыда.

Қоғамдық талқылау мерзімі 20 қаңтарға дейін созылады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген келісімнің күшін жою ниеті туралы заңнамада белгіленген тәртіппен Ресей үкіметін хабардар етуге тиіс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама