Бес жыл бөліп төлеуге шамасы жететін адам банкрот бола алмайды
Қазақстанда Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң наурыз айында күшіне енеді. Банкроттық рәсімдеуге өтінім берудің бірнеше жолы бар, деп хабарлайды Halyq Uni.
Еске сала кетейік, бір апта бұрын Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойған болатын. Банкроттықты үш жолмен рәсімдеуге болады.
1. Соттан тыс банкрорттық. Бұл жолмен рәсімдеу үшін қаржы ұйымдары мен коллектордық компаниялардың алдында қарызы сомасы 5,5 млн теңгеден аспауы тиіс. Тағы бір талап қарыз міндеттемелерін 12 ай бойы төлей алмаған, атында меншікті мүлкі жоқ тұлға рәсімдей алады. Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, заңда атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар үшін ерекше жағдай бар.
Банкроттыққа 12 ай бойы төлем төлей алмаған жағдайда ғана өтініш қабылданады. Алайда мемлекеттен 6 ай толық АӘК алған азаматтар несиесін 3 ай төлей алмай қалса банкорттыққа өтінім бере алады. Сонымен қатар банктер, микроқаржы ұйымдарының алдындағы қарызы 5 жылдан астам өтелмеген болса, мұндай азаматтарға ерекше жағдай қарастырылып отыр, – деп хабарлайды комитет.
Соттан тыс банкроттықты рәсімдеу үшін өтініш egov порталы арқылы өтініш береді. Айта кетейік, өтінішті коллектор немесе қаржы ұйымдары емес, борышкердің өзі береді.
2. Сот шешімімен банкроттық. Өтініш қарызы 5,5 млн теңгеден асқан азаматтардан қабылданады.
«Ең бастысы қаржы ұйымдары мен коллекторлық компаниялардың алдындағы қарызы ғана емес, басқа да тұлғаларға және бюджетке қарызы да есептеледі», – деп қосты мемлекеттік орган.
Айта кетейік, банкроттықты рәсімдеу кезінде есепке алынатын мүлікті қаржылық басқарушылар жүргізеді. Мүлік электронды саудаға қойылып, сауда-саттықтан тапқан табыс қарызды жабуға жұмсалады.
Сот шешімімен банкроттыққы рәсімдеу үшін борышкер сотқа өтініш береді.
3. Төлем қабілеттігін қалпына келтіру рәсімі.
Мұны тұрақты табысы бар, 5 жыл бойы қарызды бөліп төлеуге мүмкіндігі бар азамат рәсімдей алады. Ол үшін сотқа өтінім беру керек.
Сот шешімімен 5 жыл бойы ай сайын төленетін сома беліленеді. Сауықтыру кестесіне сәйкес, борышкер қарызды өтейді. Бұл жерде маңыздысы аталған рәсімді пайдаланған адам банкрот деп танылмайды, сәйкесінше оған ешқандай шектеу қолданылмайды, – деп толықтырды комитет.
Сонымен қатар, төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімін пайдалану кезінде борышкердің алимент немесе басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірген залалы үшін өтеуі болса, бұл қарыздар есептен шығарылмайды. Өтініш тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі.
Ескеретін жайт, банкроттық рәсімдеген қазақстандықтарға бірқатар шектеулер қойылады: