Halyq Uni логотип
×

Ұлттық қордан 20 жылда 38 трлн теңге алынған

300 миллиард теңгеге жуық қаржы тиімсіз жұмсалып отыр

 Еркеғали Болатұлы 06.01.2023 | 16:30
Ұлттық қордан 20 жылда 38 трлн теңге алынған
фото: ашық дереккөз

Соңғы 20 жылда Ұлттық қордан 38 триллион теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Оның ішінде мақсатты трансферттерге 7 триллион теңге, кепілдендірілген трансфертке 30 трлн теңге бағытталыпты.

Бұл мәлімет Жоғарғы аудиторлық палатада айтылды. Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрылымында соңғы 10 жылда Ұлттық қордан түсетін трансферттердің үлесі 36 пайызға дейін өскен. Сондықтан аталған палата Үкіметке ең төменгі теңгерімді қамтамасыз ету үшін мақсатты трансферттерді азайтуды ұсынды.

Мамандар мемлекеттік бағдарламаларға жұмсалған қаржыны да есептеді. Соның нәтижесінде 300 миллиард теңгеге жуық қаржының тиімсіз жұмсалғаны анықталды. Сонымен қатар, 18 млрд теңгеге тең заңбұзушылық әшкереленді.

Жоғарғы аудиторлық палата өкілдері елде 2021 жылы мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшу басталғанын атап өтті. Дегенмен қайта құру болмаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама