Halyq Uni логотип
×

Қаржы министрі «ЕАЭО мен Қытай арасында тәуелсіз валюта жүйесін құру» туралы ақпаратқа жауап берді

Ерұлан Жамаубаев халықты тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды

 Ербол Тұрымбет 15.03.2022 | 12:50
Қаржы министрі «ЕАЭО мен Қытай арасында тәуелсіз валюта жүйесін құру» туралы ақпаратқа жауап берді
коллаж: Halyq Uni

14 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссия органының ресми сайтында ЕЭК пен Қытай арасында валюталық жүйе қалыптару жөнінде ақпарат жарияланды. Бірақ көп ұзамай бұл ақпарат ұйымның ресми сайтынан алынып тасталды.

«Бұл ақпарат әлі толығымен расталмады. Себебі, Еуразиялық одақтың әртүрлі органдары бар. Еуразиялық экономикалық комиссия бар. Олардың деңгейінде бұл сұрақ күн тәртібіне шығарылған жоқ. Егер күн тәртібіне шығарылып жатса, талқыланып жатса, сол кезде нақты ақпарат береміз. Сондықтан халыққа еш қобалжуға, алыпқашпа сөздерге сенуге болмайды дегім келеді», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, қазір тек ресми ақпараттарға сену керек. Ол үшін Ақорданың ресми сайты, Үкіметтің, Қаржы министрлігінің және басқа да мемлекеттік органдардың ресми сайты, әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары бар.

Ұйым сайтында жарияланған ақпаратта ЕЭК интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев Қытаймен арада тәуелсіз халықаралық қаржы жүйесі жобасы қолға алынғанын мәлімдеген. Тіпті, жаңадан пайда болатын халықаралық валюта жобасы наурыздың аяғына қарай талқылауға шығатыны да айтылған. Оған қатысты Қазақстандағы бірқатар сарапшы пікірін ашық айтып, ел билігін ешқандай келісім бермеуге және жобаға мүлде қатыспауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама