×

Елімізде қымыз өндірісі 9% төмендеп кеткен

Ал сиыр сүті, май, сүзбе және қаймақ 19% қымбаттады

 Еркеғали Болатұлы 06.01.2023 | 10:25
фото: ашық дереккөз

2022 жылы Қазақстанда 1,5 мың тоннадан аса қымыз өндірілген. Бұл – 2021 жылмен салыстырғанда, 154 тоннаға аз.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазір елімізде бұл ұлттық сусынның өндірісі 9%-ға қысқарып отыр.

Бірақ шұбат өндірісі айтарлықтай өскен. 2022 жылы оның 2,5 мың тоннасы өндірілді десек, бұл көрсеткіш 2021 жылғыдан 191 тоннаға артық.

Жалпы, сүт өнімдерінің бағасы өсті. Өткен жылдың жазынан бастап сиыр сүті, май, сүзбе және қаймақ 19% қымбаттаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама