Halyq Uni логотип
×

Кен орындарын заңсыз игеріп келген компаниялардың толық тізімі жарияланды

Оларға берілген 183 лицензия қайтарып алынды

 Бауыржан Мұқанов 02.01.2023 | 10:25
Кен орындарын заңсыз игеріп келген компаниялардың толық тізімі жарияланды
Фото: Halyq Uni

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанда кен орындарын заңсыз алған бірнеше компаниялардың бар екенін айтқан еді. Осы орайда, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 92 келісімшартты бұзды. Бұл туралы министрлік Halyq Uni жіберген ресми сауалға берген жауабында мәлімдеді. 

«2022 жылы 21-ші қаңтарда берген тапсырмасына сәйкес ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі барлық кен орнына тексеру жүргізіп, жаңа инвесторларды тарту мақсатында игерілмей жатқан пайдалы қазбалардың орнын анықтады», – делінген ресми жауапта

2022 жылдың 23-ші желтоқсанындағы жағдай бойынша министрлік 92 келісімшартты бұзып, қатты пайдалы қазбаларға байланысты жер қойнауын пайдалануды көздейтін 183 лицензияның қолданылуын тоқтату жөнінде шараларды қабылдады, – дейді министрлік.

Лицензиялық-келісімшарттық талаптардың бұзылуы жөнінде жер қойнауын пайдаланушыларға 1779 хабарлама жіберілді.

Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы құзырлы органның жер қойнауын игеруге арналған келісімшарттың немесе лицензияның қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты шешімімен келіспеген жағдайда тиісті хабарламаны алған күннен бастап, үш айда сотқа шағымдануға құқылы екенін айта кетейік. Жер қойнауын пайдаланушы сотқа жүгінген кезде құзырлы органның жоғарыдағы шешімінің белгіленген мерзімі сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатылады.

Толық тізіммен мына жерден танысуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама