Ural Motorcycles, TikTok, АвтоВАЗ және Alstom. Қазақстанға қандай компаниялар көшіп келді
Компаниялардың дені АҚШ, Ұлыбритания, РФ-ден
ҚР Үкіметі РФ-да қызметін тоқтатқан ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен халықаралық корпорацияларды ҚР-ға қоныс аударуына жағдай жасап жатыр, деп хабарлайды ҚР СІМ.
Бүгінге дейін АҚШ, РФ, Ұлыбритания, Германия, Аустралия, Франция, Түркия, Литва, ҚХР және т.б. елдерден 20-ға жуық компаниялар қоныс аударды, деп жауап берді ведомство редакцияның ресми сауалына.
Негізгі үлес машинажасау, химия өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені мен тамақ өнеркәсібі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жеңіл өнеркәсібі, мұнайхимия, денсаулық сақтау, көлік, логистика және т.б. салалардағы жобаларға тиесілі.
Жобалар Алматы, Қостанай, Атырау, Жамбыл, СҚО, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында іске асырылуда. Ағымдағы уақытта өз өндірістерін немесе өңірлік кеңселерін Қазақстанға көшіргендердің ішінен мынадай компанияларды атап өтуге болады:
- «Honeywell» (АҚШ) – Алматыда Орталық Азия бойынша аймақтық кеңсесін орналастырды. Сонымен қатар, Алматы қаласында басқару жүйелері мен жедел тоқтату жүйелерін біріктіретін интеграцияланған басқару және қауіпсіздік жүйелерінің (ICSS) өндірісі (құрастыру өндірісінің ашылуы биылғы 20 шілдеде өтті) ал Атырау қаласында газ құрамын анықтауға арналған өлшеу құралы (биылғы 25 қарашасында) жолға қойылған. Бұдан басқа алдағы жылдары есептегіштер мен электр құралдарының өндірісін ашуы мүмкін.
- InDriver (АҚШ) – аймақтық кеңсесі Алматыға қоңыс аударды және мамандар тобын Қазақстан Республикасына көшуі жоспарлануда;
- «Ural Motorcycles» (РФ/АҚШ) – үшінші елдерге экспорттау үшін ауыр класты мотоцикл өндірісін оқшаулауда. Компания өзінің өндірістік қуаттылығының бір бөлігін Ирбит қаласынан көшіріп, өндірісті Петропавл қаласында іске қосты.
- «Weir Minerals» (Ұлыбритания) – Алматы қаласының аумағында сорғы жабдықтарды, гидроциклондарды, бекіту арматурасын құрастыру және қалпына келтіру жөніндегі өндірістік орталықтың өндірістік алаңын ү.ж. қыркүйек айында ашты;
- «Fortescue» (Аустралия) – Ресейдегі кеңсесін жауып, АХҚО алаңында тіркелді. Сонымен қатар, Қазақстандағы жасыл сутегі бойынша Еуразиялық жобаларға баса назар аударуда;
- «TikTok» (ҚХР) – ТМД елдері бойынша өңірлік кеңсесін ү.ж. қазан айында ашты (Орталық Азия және Кавказ елдері үшін өңірлік өкілдік Алматы қаласында ашуда және Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты кеңейтуде);
- «Завод ЛСТК» ЖШҚ (РФ) – жеңіл болаттан жасалған жұқа қабырғалы конструкциялардың өндірісі ҚР-ға қоныс аударды («Qyzyljar» АЭА аумағында жер жұмыстары жүргізілуде);
- «ПКВ компаниялар тобы» (Литва) – сұйық кристалды теледидарлар өндіріс жобасын ҚР-да орналастырды (теледидарлардың алғашқы өндірістік желісінің іске қосуы ағымды жылдың соңына жоспарланған);
- «Great Wall Motors» (ҚХР) – автокөлік жасау өндіріс зауытының қалау жұмыстары жүргізілуде (биылғы 16 қарашада ҚР Президенті Қ. Тоқаев зауытттың іргетасын қалау рәсіміне қатысқан);
- «Koppert» (Нидерланд) – биотыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру компаниясы өз кеңсесін және қызметкерлерін Алматы қаласына орналастырды. Сонымен қатар, зауыт құрылысы 2023 жылы жоспарланған;
- «R-Vent Medical» (Түркия) – «Novamed» компаниясымен бірлесіп желдеткіштерге арналған тыныс алу схемаларын өндіру жобасын ҚР-да орналастырды. Астана қаласында алаң айқындалды, «Novamed»-пен технологиялар трансфері бойынша келісімге қол қойылды.
- «United Concrete Canvas» (Ұлыбритания) – бетон төсемелерін өндіру компаниясы биылғы тамыз айында кеңсені Астана қаласында ашты ;
- АО «АвтоВАЗ» (РФ) – «Lada Granta» және «Lada Vesta» модельдерінің автокөліктерінің құрастыруы іске қосуда (машина жиынтығының құрамын тексеру үшін алғашқы тәжірибелі шанақты құрастыру процесі басталған).
- «Air Liquide» (Франция) – көгілдір және жасыл сутегін өндіру үшін декарбонизация саласындағы жаңа жобалардын қаржыландыру көлемдері бекіттілген;
- «Alstom» (Франция) – Қазақстан Республикасының аймақтарында сервистік орталықтары ашылуда, құрамдас бөлшектердің өндірушілерін орналастыруда;
- «Emerson» (АҚШ) – биылғы 12 қазанда өтті қысым датчиктердің құрастыру өндірісін бастады;
- « RIVAL» (РФ) – автокөліктерге арналған аксессуарлар өндірісін Қостанай қаласына орналастырды;
- «Marubeni» (Жапония) – өкілдігін Ресейден Қазақстанға ішінара көшіруді жүзеге асырды. Қазіргі таңда компанияның аймақ бойынша негізгі қызметін Алматыдағы кеңсесі қадағалайды;
- «Transco» (Чехия) – көлік-логистикалық компаниясының кеңсесі ашылуда. Ресейдегі кеңсесі жабылғаннан кейін аймақта болуын сақтау мақсатында биыл қыркүйекте компанияның басшылығы Астанадағы жұмыс сапар аясында өкілдікті ашу туралы шешім қабылдаған.
Сонымен қатар, 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес, жеке деректерді, оның ішінде ашылатын жұмыс орындары және ҚР-да орналастырылған шетелдік компаниялардың штат саны туралы ақпаратты жария ету мүмкін емес екенін хабарлаймыз.