Halyq Uni логотип
×

Болат Өтемұратовтың ұлы Алидар Өтемұратов әкесінен ForteBank акциясын сатып алды

Жаңа акционер 5% үлес алды

 Бауыржан Мұқанов 28.12.2022 | 10:20
Болат Өтемұратовтың ұлы Алидар Өтемұратов әкесінен ForteBank акциясын сатып алды
Фото: Halyq Uni

Алидар Өтемұратов Болат Өтемұратовтан ForteBank-тің айналымдағы 5% акциясын сатып алды, деп хабарлайды Halyq Uni банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Келісімді Қазақстан Республикасы Қаржыны реттеу және дамыту агенттігі бекітті. 

Хабарламаға сүйенсек, Алидар Өтемұратов алдағы 7 жылда өз үлесін 10%-ға дейін көбейтуге құқылы.

«Сауда-саттық тек нарықтық жағдайда және тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылады», – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Алидар Өтемұратов ForteBank-тің негізгі акционері Болат Өтемұратовтың ұлы. 

«Ақпараттық технологиялық компанияларда басшылық лауазымын ескере отырып, біз Алидардың акционер ретінде келгеніне қуаныштымыз және банкті цифрландыруға оң ықпал етеді деп сенеміз», – деді ForteBank директорлар кеңесінің төрағасы Эльдар Әбдіразақов.

Естеріңізге сала кетейік, Forte Bank Қазақстанның бес ірі банктің бірі. 

Алидар Өтемұратов бұған дейін «Казахтелеком» АҚ корпоративті сату дирекциясының бас директоры, «Васильковский ГОК» АҚ президенті, «Altyntau Resources» АҚ президенті, «Алтынтау» компаниялар тобының басшысы, «Green Apple и Co» ЖШС инвестициялық компаниясының жетекшісі болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама