Halyq Uni логотип
×

Ұлттық банк доллар мен еуроны сату және сатып алу бағамдары арасындағы айырманы кеңейтті

Ұлттық банк тағы бір мәлімдеме жасады

 Халық үні 12.03.2022 | 14:00
Ұлттық банк доллар мен еуроны сату және сатып алу бағамдары арасындағы айырманы кеңейтті
коллаж: Halyq Uni

Ұлттық банк қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату бағамдары арасындағы айырманы кеңейту туралы ақпарат жариялады.

Ұлттық банк «Айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» «ҚРҰБ басқармасының 2020 жылғы 14 шілдедегі №86 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» жобаның әзірленіп жатқанын хабарлады.

Жоба айырбастау пунктері арқылы жүзеге асатын операциялар бойынша сатып алу бағамының қолма-қол шетел валютасын сату бағамынан ауытқу шектерін қолданылу мерзімі 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін доллар үшін – 6 теңгеден 15 теңгеге, еуро үшін – 7 теңгеден 20 теңгеге дейін арттыруды ұсынады, – дейді Ұлттық банк.

Ұсынылып отырған өзгерістер ең алдымен валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді азайтуға, сонымен қатар валюта бағамы төңірегіндегі құбылмалылықтың күшеюіне байланысты қаржы нарығына қатысушылар тәуекелдерін сейілтуге бағытталған.

Қаулы жобасының толық мәтінімен Ұлттық банктің ресми сайтында танысуға болады.

Бұған дейін Ұлттық банк «елімізде доллар неге жетіспейді» деген сұраққа жауап берген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама