Halyq Uni логотип
×

2023 жылдан бастап коммуналдық тарифтер қымбаттауы мүмкін

Ұлттық экономика министрлігі тарифтерді көтеру мәселесін қоғаммен талқылайды

 Дәурен Ерболат 26.12.2022 | 13:02
2023 жылдан бастап коммуналдық тарифтер қымбаттауы мүмкін
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Келесі жылдан бастап Қазақстанда коммуналдық тарифтердің бағасы көтеріледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министрдің айтуынша, коммуналдық тарифтердің бағасы көтеру мәселесінде қазақстандықтардың әлеуметтік мәселесі мен төлем қабілеті ескеріледі.

«(Коммуналдық) тарифтерді көтеру мәселесін әр табиғи монополия субъектілері және өңір бойынша жеке қараймыз. Тарифті көтеру мәселесін қоғаммен талқылаймыз. Мәселені субъекті мен мемлекеттік органдардың мүддесі тұрғысынан қарамаймыз. Мұнда әлеуметтік мәселелерді назарға аламыз», - деді министр Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Әлібек Қуантыров 2023 жылдан бастап коммуналдық тарифтер қымбаттайтынын жоққа шығармады.

«2023 жылдың екінші жарты жылдығында тиісті өзгеру болады. Себебі мемлекет меншігіндегі және (жеке) субъектілер өз жұмысын модернизациялауы керек. Президент сайлауалды бағдарламасында желілердің тозуын төмендету мәселесін көтерген. Сондықтан біз желілердің тозуын 15-20%-ға төмендетеміз», - деді ведосмство басшысы.

БАҚ өкілі министрге «Демек 2023 жылдан бастап коммуналдық тарифтер көтеріледі ғой?» деп сұрағын нақтылады.

Иә, (коммуналдық – авт.) тарифтер көтеріледі. Оның басқа жолы жоқ. Бірақ мұнда біз әлеуметтік мәселелерді ескереміз, - деді Әлібек Қуантыров.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама