×

Алғаш рет қытайлық 100 көлік тиелген жүк пойызы Қазақстанға бет алды

Ол көліктер теміржолдан тасжолға алмасып, Орталық Азияға, Еуропаға және басқа да елдерге жеткізілмек

 Еркеғали Болатұлы 25.12.2022 | 17:53
фото: дереккөз

Шыңжаң өлкесі «Қорғас» арқылы алғаш рет жергілікті коммерциялық көліктерге арналған халықаралық жүк пойызын іске қосты. Бұл туралы ҚазАқпарат Қытайдың «Халық» ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлады.

БАҚ мәліметінше, қытайлық жаңа энергия көліктері тиелген халықаралық арнайы пойыз «Қорғас» кеден бекетінің теміржол станциясынан 19 желтоқсанда жолға шығып, Қазақстандағы Алтынкөл станциясына қарай бет алған.

Алайда ол көліктер соңында теміржолдан тасжолға алмасып, Орталық Азияға, Еуропаға және басқа да елдерге жеткізілмек.

Арнайы пойыздың іске қосылуы – «Қорғас» кеденінің халықаралық логистикасындағы жаңа серпіліс. Әрі оның ұлттық логистикалық торап пен өңірлік халықаралық логистикалық тарату орталығы болуына берік негіз қалайды.

Айта кетсек, бұл жолғы арнайы пойызға құны шамамен 13 миллион юань болатын 100 қытайлық көлік тиелген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама