Halyq Uni логотип
×

Моноқалаларды дамыту үшін 2,1 трлн теңгеге арнайы жобалар пулы қалыптасқан

Осы жобалар негізінде моноқалаларда 18 мыңнан аса жұмыс орны ашылды

 Динара Амантай 23.12.2022 | 09:35
Моноқалаларды дамыту үшін 2,1 трлн теңгеге арнайы жобалар пулы қалыптасқан
Фото: Halyq Uni

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында моноқалаларды дамыту жөніндегі жоспарлар қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазір республикада 27 моноқала бар. 1,4 млн адам тұратын қалаларда 32 қала құраушы кәсіпорын жұмыс істейді. 2015 жылдан 2021 жылға дейін аталған елді мекендерде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,3-тен 11,2 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл – ел бойынша жалпы көрсеткіштің 29%-ы. Бүгінде 2,1 трлн теңгеге 86 «зәкірлі» жобаның пулы қалыптастырылды. Осы жобалар негізінде моноқалаларда 18 мыңнан аса жұмыс орны ашылды.

Жалпы оларды одан әрі дамыту үшін: тұрғын үй қоры мен инженерлік инфрақұрылым нысандарына күрделі жөндеу жүргізуге бюджеттен бөлінетін қаражаттың жыл сайынғы лимитін ұлғайту; елді мекендердің әлеуметтік маңызы бар проблемаларын шешу бойынша мастер-жоспарлар әзірлеу; жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыру ұсынылады.

Аталған тәсілдер комиссия мүшелері тарапынан қолдау тапты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама