Halyq Uni логотип
×

Қазақстанға Ресейдегі санкциядан қашқан 21 компания көшіп келді

Жалпы, 62 компания көшіп келуге ниет білдірген

 Еркеғали Болатұлы 22.12.2022 | 16:39
Қазақстанға Ресейдегі санкциядан қашқан 21 компания көшіп келді
фото: sovross.ru

Соғыс салдарынан салынған санкциядан қашқан әлемнің 21 компаниясы Ресейден Қазақстанға көшіп келген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтемСыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты.

Оның айтуынша, санкцияларға байланысты Қазақстанға 62 компания көшіп келуге ниет білдірген. Қазір соның 21-і келіп отыр.

Олардың ішінде американдық Honeywell компаниясы бар. Олар Алматыда өндіріс ошағын ашты. Сондай-ақ бұрын Қазақстанда ТikTok компаниясының кеңсесі болмаған еді. Мұндағы нарықты олар Мәскеудегі кеңсе арқылы басқаратын. Қазір ТikTok Қазақстанда жеке кеңсесін ашты. Индрайв иесі де осында. Ол компания бүкіл кеңселерін көшіріп, ІТ мамандары Қазақстанға келіп жатыр, - деді Алмас Айдаров.

Сондай-ақ ол қысқартылған компаниялар үшін арнайы жағдайлар жасалмайтынын атап өтті. Олар жалпы құқықтық салада жұмыс істейтін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама