Доллар қымбаттап, теңге 0,33 тиынға әлсіреді - KASE
Доллар бағасы тағы қымбаттап, 510 теңгеден сатылып жатыр
Қазақстан қор биржасында таңғы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 510,26 теңге деңгейінде болды.
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 10 наурыз кешімен салыстырғанда 0,33 тиынға өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 510, 26 теңге болды.
Ұлттық банк 11 наурызға белгілеген ресми бағам - 1 доллар үшін 509, 80 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 513, 60 теңгеден сатылса, сатып алу – 518, 99 теңге.
Елордадағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 516 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 518, 86 теңге.