×

41 мұнай кеніші аукционға шығарылады

Жазда 21 учаске сатылымға шығарылған

 Дәурен Ерболат 20.12.2022 | 15:07
Фото: cheaz.ru

Биыл 23 желтоқсанда 41 мұнай кеніші аукционға шығарылады. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Елімізде жыл сайын мұнай мен газға геологиялық барлау жұмысын жүргізуге бағытталған электронды аукциондар өтеді.

«2022 жылғы 22 шілдеде 21 учаске бойынша бір аукцион өтті. Онда 24 млрд теңгеге ең төменгі жұмыс бағдарламасымен 12 млрд теңге мөлшерінде рекордтық қол қою бонусы алынды», - деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ Болат Ақшолақов жыл соңына дейін тағы бір аукицон ұйымдастырылатынын атап өтті.

Биыл 23 желтоқсанда геологиялық қоры 63,5 млн тонна болатын 41 учаскені пайдалану құқығын беруге және 60 млрд теңге сомасына ең төменгі жұмыс бағдарламасына кезекті аукцион өткізіледі, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама