×

Қазақстандықтар бір миллионға жуық долларды шетелге заңсыз алып кетпек болған

Бұл тек ақпандағы көрсеткіш

 Халық үні 10.03.2022 | 18:00
фото: ашық дереккөзден

Қазақстандықтар бір миллионға жуық долларды шетелге заңсыз алып кетпек болған.

2022 жылғы ақпанда жеке тұлғалар декларацияланбаған 995 410 долларды шетелге алып кетпек болған, – дейді Мемлекеттік кірістер комитеті.

2022 жылғы ақпанда ғана «Жетісу», «Әуежай-Астана», «Әуежай-Ақтөбе», «Қазығұрт», «Әуежай-Шымкент», «Әуежай-Ақтау» кеден бекеттерінде декларацияланбаған қолма-қол ақша алып кетудің 51 фактісі анықталған. Жалпы, 2022 жылғы ақпанда 50 әкімшілік құқық бұзушылық материалы жасалған (тауарларды, қолма-қол ақшаны, ақша құралдарын декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау, кедендік құжаттардағы мәліметтерді анық емес мәлімдеу). Бұл заң бұзушылықтар бойынша 1 531 500 теңге айыппұл салынған.    

«Тек Алматы қаласында 2022 жылғы ақпанда жеке тұлғаларға 37 әкімшілік құқық бұзушылық туралы материал жасалған және қылмыстық құқық бұзушылық сипатындағы 1 дерек анықталған. Ол азаматтар 298 млн теңгеден аса, нақты айтқанда 688 262 долларды декларацияламастан алып өтпек болған. Айыппұлы - 1 133 310 теңге. Мәселен, 4 ақпанда Алматы қаласының халықаралық әуежайында «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері «Алматы-Ыстамбұл» қатынасындағы әуе рейсімен ұшуға бағытталған Қазақстан азаматы тоқтатты. Ұстау кезінде 97 000 доллар сомасында декларацияланбаған ақша анықталды. Материал одан әрі тергеу үшін Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне берілді», – делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама