×

Қазақстандықтар интернеттен қай тауарды жиі сатып алады

Тоғыз айда 60 трлн теңгеге жуық сомаға онлайн сауда жасалған

 Халық үні 19.12.2022 | 10:10
Фото: Kapital.kz

2022 жылдың тоғыз айында қазақстандықтар 3,8 миллиард онлайн-төлем жасаған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 33,7%-ға көп. Бұл туралы Ranking.kz сарапшылары хабарлады.

2021 жылы барлығы 4 миллиард транзакция жүргізілген.

Қарашадағы жеңілдіктер кезеңі мен алдағы мерекелерді ескерсек, транзакция саны одан да айтарлықтай артады деп болжауға болады, - дейді сарапшылар.

Онлайн-төлем көлемі де 44 пайызға ұлғайып, 59,2 триллион теңгені құрады. 2021 жылы жалпы осындай сомаға төлем жасалған.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, тауарлар мен қызметтерді онлайн сатып алған пайдаланушылар үлесі 2020 жылы 17,7%-дан 2021 жылы 19,3%-ға дейін өсті.

Қазақстандықтар интернетте жиһаз, электроника, тұрмыстық техника, киім-кешек, үйге және тұрмысқа қажет тауарлар, азық-түлік сатып алады. Бірінші орында киім, аяқ киім және спорт тауарлары тұр. Екінші орында – азық-түлік.

Сондай-ақ қазақстандықтар интернеттен дәрі-дәрмек, косметика, тұрмыста қолданатын заттар, кітап, журнал және газет, фильм және музыка сатып алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама