Министр қазақстандықтарға банкроттықты рәсімдемес бұрын жақсылап ойлануға кеңес берді
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» және ілеспе заң жобалары бірінші оқылымда қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Құжатты депутаттарға премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев таныстырды. Ол банкроттық рәсімнің 3 түрі енгізіліп отырғанын атап өтті. Барлық рәсімді тек борышкер ғана бастай алады, яғни несие берушінің борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.
Бірінші рәсім – соттан тыс банкроттық рәсімі, оған азаматтар келесі шарттар бойынша өтініш бере алады: банктер, микроқаржылық ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек 4,9 млн теңгеден аспаса; ресми кірісі жоқ немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысы болса – 36 018 теңге. Бұл ретте борышкердің мүлкі болмауы керек және қарыздар бойынша банкпен тиісті рәсімдерді жүргізуі қажет, - деді министр.
Вице-премьердің айтуынша, соттан тыс банкроттық тек банктер, микроқаржылық ұйымдар және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін. Соттан тыс банкроттық «Электрондық үкімет» веб-порталында басталады. Содан кейін ақпараттық жүйе арқылы борышкердің кіру критерийлеріне сәйкестігін анықтау үшін мүдделі мемлекеттік және басқа органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізіледі.
«Екіншіден, сомасы 4,9 млн теңгеден асатын қарыздар бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша азаматтар сот банкроттығына жүгіне алады. Бұл рәсім барысында борышкердің мүлкі сатылады. Түскен қаражат белгіленген кезекпен кредиторлар алдындағы қарыздарды өтеуге жұмсалады. Егер кепіл ретінде жалғыз тұрғын үй қойылса, онда кредитор оны соттың банкроттық рәсімі кезінде алуға құқылы. Жалғыз баспанаға кепілдік болмаса, кредиторлар оны талап ете алмайды. Борышкердің жаман пиғылы болмаса, қалған өтелмеген сома есептен шығаруға жатады», - деді Ерұлан Жамаубаев.
Сот банкроттық рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады:
Үшінші рәсім – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі, тұрақты табыс болған жағдайда, қарызды төлеу үшін сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігін қарастырады. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушыларымен бірлесе әзірленіп, сотпен бекітіледі. Бұл процедураның артықшылығы, кейін адам «банкрот» деген мәртебесін алмайды, сондықтан банкроттық үшін көзделген салдар оған қолданылмайды.
Сондай-ақ Ерұлан Жамаубаев банкроттық рәсімдегенде қазақстандықтарға қандай шектеулер қойылатынын түсіндірді:
Сондықтан азамат өзін банкрот деп жариялаудан бұрын ықтимал салдары мен шектеулер туралы ойлануы қажет.