×

Джо Байденнің мәлімдемесінен кейін Brent маркалы мұнайдың бағасы қымбаттады

АҚШ Ресейден шығатын барлық энергия импортына тыйым салмақ

 Ербол Тұрымбет 09.03.2022 | 11:11
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Лондон биржасының сауда-саттық деректері бойынша, Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 130 доллардан асты.

Нұр-Сұлтан уақытымен 08.57-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мамыр фьючерстерінің бағасы 6,266 пайызға, барреліне 130,93 долларға дейін, WTI маркалы сәуір фьючерстерінің бағасы 5,461 пайызға, 125,92 долларға дейін өсті.

Айта кетейік, АҚШ Ресейден шығатын барлық энергия импортына тыйым салмақ. Бұл туралы сейсенбі күні Ақ үйде Украина төңірегіндегі жағдай бойынша сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Джо Байден мәлімдеді. Бұл шешімді АҚШ-тың екі партия да қолдаған. АҚШ президентінің мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы өсіп жатыр. 

Financial Times журналисі Джеймс Полити АҚШ қаржы министрлігіне сүйеніп, Ресей мұнай импортына тыйым салу Қазақстан мұнайын Ресей арқылы жеткізетін Каспий құбыр желісі консорциумына қатысы жоғын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама