×

«ҚазМұнайГаз» акцияларының биржадағы саудасы басталды

Қазақстандықтар 75 млрд теңгеге жуық ақшаға акция сатып алды

 Бауыржан Мұқанов 08.12.2022 | 14:39
Фото: КМГ ресми сайтынан

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Astana International Exchange (AIX) биржасы мен Қазақстан қор биржасында (KASE) «ҚазМұнайГаз» акцияларының қайталама нарықағы саудасының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

2022 жылғы 2 желтоқсанда IPO барысында ҚМГ акцияларына жазылу аяқталды. Жазылу науқаны барысында инвесторлардан 181 млрд теңгеден астам сомаға 129 мыңнан аса өтінім келді. Осы өтінімдерді талдау нәтижесінде 153 млрд теңгеден астам сомаға өтінімдерді қарастыру туралы шешім қабылданды. Осылайша, аталмыш IPO барысында Қор «ҚазМұнайГаздың» 18 303 584 жай акциясын сатты, бұл ҚМГ-нің ұсынылған жай акциялар жалпы санының 3%-ын құрады.

Бұл ретте Қазақстан азаматтарының өтінімдері 74,6 млрд теңге сомасына 48,5%, қазақстандық заңды тұлғалар өтінімдері 72,7 млрд теңге сомасына 47,2%, шетелдік жеке және заңды тұлғалар өтінімдері 6,6 млрд теңгеге 4,3% болды.

«Қазақстан қор нарығының тарихында ҚМГ акцияларының алғашқы жария ұсынысы қазақстандық қор биржаларында ғана листингі бар ең ірі жергілікті IPO болды. Бұл IPO Қор мен ҚМГ өткізген ауқымдық дайындық жұмысының, қаржы секторындағы цифрлық технологиялардың қарқынды дамуының арқасында сәтті өтті. Дамыған цифрлық технологиялар жеке тұлғалардың өтінім беруін, сондай-ақ Қор мен ұлттық компанияның инвестициялық қауымдастық алдындағы ашықтығын айтарлықтай жеңілдетті. Ең алдымен Қазақстан азаматтарының өтінімдеріне басымдық беріліп, олар толық көлемде мақұлданғаның атап өткім келеді. Қор мен ҚМГ компанияны дамыту және корпоративтік басқаруды одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмысын жалғастырады», – деді «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.

«Біз үшін бұл компания дамуындағы жаңа кезеңмен қатар үлкен жауапкершілік. Ондаған мың қазақстандық, отандық және шетел инвесторлары бізге сенім артып, «ҚазМұнайГазбен» бірге болуды шешті. Бұл ретте компания бүгінгі жергілікті биржаларға тұрақты өндірістік және қаржы көрсеткіштерімен, теңгерімді және түрлі активтер портфелімен, жақсы халықаралық кредиттік рейтингтерімен шығып отыр. Сонымен бірге біз алдағы қызметімізде ашықтығымызды артып, корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарына ұмтыламыз. Компанияның ұзақмерзімді перспективада акционерлердің игілігі үшін өсіп-өркендеуі жолында бар күш-жігерімізді саламыз», – деді ҚМГ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама