Оның пікірінше, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі жасамау керек
Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин дүкендегі бағаларды қалай қадағалайтынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Үкімет отырысынан шыққан министрге журналистер өтінішін жеткізді.
«Сіздің жұмыс кестеңіз тығыз екенін білеміз... Алайда сізден өтініп сұраймыз. Журналистермен бірге дүкендерді аралауға уақыт табыңызшы! Азық-түлік бағасын тексерейік», - деді олар.
Ал Серік Жұманғарин олардан мұның себебін түсіндіруді сұрады.
Сіз басқа бағаны, біз басқа бағаны айтамыз. Дүкенге барсақ, тауар 2-4 есе қымбат, - деді БАҚ өкілдері.
Алайда Сауда және интеграция министрі дүкендегі бағаларды журналистерсіз-ақ бақылап жүргенін атап өтті.
«Мен вице-премьер болып, сіздермен бірге дүкенге барамын. Солай оның жұмысын тоқтатып қоямын. Мұның не керегі бар? Бұл – бизнес объектісі. Кәсіпкерлер шенеуніктер мен журналистер келгенде қобалжи бастайды. Мен барамын. Ештеңе керек болмаса да кешке барамын. Тыныш жүріп, бағаларды суретке түсіремін», - деді ол ағынан жарылып.