Жамаубаев қазақстандық делегацияны бастап Жапонияға барды
Онда елімізге инвестиция тарту мәселесі талқыланады
Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бастаған қазақстандық делегация Токиода Орталық Азия инвестициялық форумына қатысып жатыр, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Қазақстан тарапын іс-шараға Еуропа қайта құру және даму банкі мен Жапония Үкіметі шақырған.
Халықаралық форумға Орталық Азия, Моңғолия және Жапония Үкіметтерінің өкілдері, Жапонияның іскер топтары мен корпорация басшылары қатысып жатыр.
Пленарлық отырыста Ерұлан Жамаубаев Қазақстандағы экономикалық реформалар мен экономикалық ахуалды, еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қандай шаралар жүргізіліп жатқанын баяндады.
Сондай-ақ форум аясында бірқатар елдің өкілдерімен сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселері талқыланып жатыр.
Іс-шара экономикалық мүдделерді ілгерілетуге және Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тартуға серпін береді.