Halyq Uni логотип
×

Доллар бағамы 501 теңгеден асты - KASE

Елорда мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде АҚШ долларын 520 теңгеден сатып алып жатыр

 Ербол Тұрымбет 05.03.2022 | 11:37
Доллар бағамы 501 теңгеден асты - KASE
коллаж: Halyq Uni

Доллардың теңгеге қатысты бағамы 501 теңгеге өсті. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметі (KASE) мәлімдеді.

Таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,92 теңгеге артып, 501,64 теңгеге тең болды.

Ұлттық банк мәліметінше, 5 наурыздағы доллардың ресми бағамы - 499,20 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде АҚШ долларын сатудың орташа бағамы - 505,58 теңге, сатылым - 520 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орташа есеппен 515,45 теңгеден сатып алады, 520,47 теңгеден сатады.

Еске салайық, 24 ақпанда Ұлттық банк базалық ставканы 13,5% деңгейінде белгілеп, 104 млн долларға валюталық интервенция жасады.

22 ақпанда Қазақстан Ұлттық банкі 33 миллион долларға валюталық интервенция жасаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама