Жамбыл облысында жел электр станциясы салынады
Жаңа нысан 1ГВт электр энергиясын өндіреді
Қазақстан мен Франция Жамбыл облысында қуатты жел электр станциясын салу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Роман Василенко айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
29 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапары басталған.
Бүгін президенттің Парижге сапары аяқталады. Бұл – мемлекет басшысының сенбі, 26 қараша өткен инаугурациядан кейін Еуропаға алғашқы сапары, - деді министрдің орынбасары Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
Оның айтуынша, қол ел арасындағы байланыс берік.
«Франция – біздің маңызды сауда-экономикалық және саяси серіктестеріміздің бірі. 2008 жылы Франциямен стратегиялық серіктестік туралы келісімге қойдық. Қазақстанда 170 француз компаниясы жұмыс істеп жатыр. 2005 жылдан бері Франция Қазақстанға қаржы құйған ең ірі бес инвестордың бірі болып саналады. Инвестиция көлемі 17 миллард доллардан асады», – Роман Василенко.
Ресми сапар барысында Қазақстан мен Франция президенттері саяси, сауда-экономикалық және білім беру саласындағы ынтымақтастыққа басымдық берген.
Қос мемлекет арасында бірқатар экономикалық келісімге қойылды. Мысалы, локомотив өндірісін және Астанада француздық Ariston компанияның басқа да жабдықтарын өндіруді кеңейту. Сондай-ақ Жамбыл облысында қуатты жел электр станциясын салу туралы келісімге келдік. Оның қуаты – 1,2 ГВт, - деді вице-министр.