×

Санкциялар әсері бар ма: Дағдарысқа қарсы жедел штабтың кезекті отырысы өтті

Үкіметте өткен жиында бірқатар маңызды мәселе талқыланды

 Халық үні 05.03.2022 | 10:00
фото: ашық дереккөзден

Үкіметте Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

Кеңес аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) инвестициялық ахуалды жақсартудағы рөлі, Қаржы орталығының қазіргі жай-күйі және қазақстандық қор нарығына батыстық санкциялар топтамасының ықтимал әсері мәселелері талқыланды.

Бүгінгі таңда «Астана» халықаралық қаржы орталығы экожүйесінде 1200 компания тіркелген, ресейлік компаниялар саны 5%-дан аспайды. АХҚО бірқалыпты жұмыс қарқынын сақтап отыр. Қатысушылардың кету жағдайлары байқалмайды, — деді АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов.

Ұлттық экономика әрі Қаржы министрліктеріне халықаралық салық салу мәселесін қосымша пысықтау тапсырылды.

Атап өтсек, қазір Ресей мен Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Жуырда Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Бұл экономикалық ахуалға әсер еткендіктен Қазақстан үкіметі және Ұлттық банк азаматтардың теңгедегі депозиттеріне 10% өтемақы төлеу жөнінде шешім қабылдады. Одан кейін Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады. «Сбербанк Қазақстан» мәлімдеме жасады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Елімізде депозиттер бойынша мөлшерлеме артты. Валюта бағамы әрі банктерге қатер күшейе түсті, деді Мемлекет басшысы. Елімізде тауарды негізсіз қымбаттатқандар жазаланады. Президент шұғыл кеңес өткізді. Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама