×

«Бәйтерек» холдингінің басшысы Тоқаевқа есеп берді

Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевты қабылдады

 Халық үні 04.03.2022 | 16:05
фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысына холдингтің былтырғы атқарған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы ақпарат берілді. Қанат Шарлапаевтың айтуынша, 2021 жылы 37 ірі жобаға 533,2 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілген және 7 жоба іске қосылған. 57,4 мың шағын және орта бизнес субъектісіне 2,2 триллион теңге көлемінде қаржылай көмек берілген. Сонымен қатар отандық тауар экспорттаушыларды қолдау үшін 236,8 миллиард теңге бөлінген.

Президентке ұсынылған мәліметтерге сәйкес, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы аясында жалпы құны 464,2 миллиард теңге болатын 26 мыңнан астам қарыз берілген. Тоқаевқа 2021 жылы 130 мыңға жуық отбасының баспана сатып алғаны немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартқаны жөнінде баяндалды. Сонымен қатар биылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, 458 мың салымшы 1,97 триллион теңгеден астам қаржы көлемінде біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланған, – дейді Ақорда.

Қанат Шарлапаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан даму банкі» акционерлік қоғамын реформалау және оның менеджмент құрамын өзгерту жөнінде берген тапсырмаларының жүзеге асырылуы туралы егжей-тегжей баяндады.

«Бұдан бөлек Мемлекет басшысына микро және шағын кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтары үшін пәтер жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау тетігін енгізу жөніндегі холдингтің биылғы жылға арналған жоспары туралы мәлімет берілді. Кездесу барысында жұмыс орындарын ашуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту мәселесі де талқыланды», – делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

ШҚО-дағы 197 елді мекенде әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ

Бұл мәселені 2025 жылға дейін шешеміз, - дейді министр
28.05.2023 | 15:15

Астанада емханалардың жеке медициналық зертханаларға қарызы 5 млрд теңгеге жетті

Мәселе қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты, - дейді Абай Ахметбек
28.05.2023 | 14:23

Ашаршылық туралы кітап пен Абай үйі: Кельнде Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр

Еуропадағы қазақ мәдени ұйымдарының саны артып келеді
28.05.2023 | 14:05

Елордада тағы 12 автобустың бағдары өзгерді

Өзгерген қозғалыс сызбасымен сілтемедегі сурет арқылы танысуға болады
28.05.2023 | 13:47