Halyq Uni логотип
×

Биыл ет экспорты 1 млн долларға жетті

10 айдың қорытындысы бойынша 950 мың тоннаға жуық ет өндірілген

 Динара Амантай 28.11.2022 | 14:56
Биыл ет экспорты 1 млн долларға жетті
Фото: Halyq Uni

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша қазақстандық фермерлер 948,5 мың тонна ет өндірген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда орта есеппен 0,5%-ға өскен. Ең үлкен өсімді 4,8%-бен жылқы етінің өндірісі көрсетті. Бұл – 114,1 мың тонна, сондай-ақ құс еті 2,9%-ға өсіп, 239,6 мың тонна болды. Жыл басынан бері 400,1 мың тонна сиыр еті, 113,7 мың тонна қой еті, шамамен 61.2 мың тонна шошқа еті өндірілді.   

Сондай-ақ ведомство өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, ет экспорты осы жылдың қыркүйегіне қарай 1 млн долларға 29,7 мың тонна көлеміне жетті. Экспорттың басым бөлігі сиыр етіне тиесілі – 13,5 мың тонна. Сондай-ақ шетелге 6,7 мың тонна қой еті мен 9,5 мың тонна құс еті сатылды.

Импортқа қатысты осы кезеңде алыс және жақын шетелдерден барлық түрдегі 110 мың тонна ет импортталды. Импорттың басым бөлігі – құс етіне тиесілі. Елге шамамен оның 97,5 мың тоннасы жеткізілген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанның араб елдеріне қой етінің экспортын ұлғайтатынын хабарлаған болатынбыз.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама