×

Қазақстан мен Түркия әуе рейстері санын арттырмақ

Екі ел әуе жолдарының географиясын да кеңейтпек

 Халық үні 04.03.2022 | 12:30
фото: ашық дереккөзден

Үкіметаралық комиссияның XII отырысында Қазақстан мен Түркияның сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту мәселесі талқыланды.

Нұр-Сұлтан қаласында премьер-министр Әлихан Смайылов пен Түркия вице-президенті Фуат Октайдың төрағалығымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түркия үкіметаралық комиссиясының XII отырысы өтті.

Отырыс барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, транзиттік-көлік, өнеркәсіп, туризм, геология, денсаулық сақтау және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Сондай-ақ екі ел арасындағы әуе жолдарының географиясын кеңейту және тұрақты рейстер санын арттыру қажеттілігіне назар аударылды, – дейді үкімет.

Түркия — Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 33%-ға өсіп, $4,1 млрд асты. 

«Екі ел әріптестігінің стратегиялық сипатына тоқталған премьер-министр 2021 жылы Қазақстаннан Түркияға экспорт 39%-ға өсіп, шамамен $3 млрд жеткенін, 2021 жылы Түркиядан Қазақстанға импорт 20,5%-ға артып, $1,1 млрд құрағанын атап өтті», – делінген ақпаратта. 

Бүгінгі таңда түрік бизнесі Қазақстанда жалпы құны $5,5 млрд құрайтын инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатыр.

Өз кезегінде Түркия вице-президенті Ф.Октай Түркия Қазақстанмен барлық бағыт бойынша екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға дайын екенін, мұның өзара тиімді әріптестікті дамытуға ықпал ететінін атап өтті, – дейді ведомство.

Отырыс аясында экономикалық ынтымақтастық бойынша жан-жақты келіссөздер жүргізілді. Қазақстан тарапынан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, сауда және интеграция, ұлттық экономика, денсаулық сақтау вице-министрлері және басқалары қатысты. Түрік тарапынан индустрия және технология, сауда, көлік және инфрақұрылым, денсаулық сақтау вице-министрлері қатысты.

«Соңында ҮАК отырысының қорытынды хаттамасына қол қойылып, бірлескен жоспар қабылданды. Ресми делегация мүшелері өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау үшін екіжақты кездесулер өткізді», – делінген мәліметте.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«22 градус аяз болады»: синоптиктер қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қазгидромет»  РМК Қазақстанда 30 наурыз бен 1 сәуір аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды
30.03.2023 | 08:05

Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісі: соққыға жығылған заңгер ерлі-зайыпты мәлімдеме жасады

Адвокат Анна Дмитриевич Дәулет Тұрлыхановтың сөзін жоққа шығарды
30.03.2023 | 07:45

«Артында 3 баласы қалды»: Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеген ер адам көз жұмды

Ер адам айна жасайтын зауытта жұмыс істеген
30.03.2023 | 06:05

Ақтөбедегі қанды оқиға: марқұмдардың туысы оқиғаның мән-жайын айтып берді

Енесі қаралы хабарды таң ата тәртіп сақшыларынан естігенін айтады
30.03.2023 | 01:44