×

Сүттің бағасы неге қымбаттады?

Биыл сүт саласын субсидиялауға шамамен 24,9 млрд теңге бөлінді

 Динара Амантай 24.11.2022 | 14:14
Фото: eldala.kz

Сүт пен сүт өнімдерінің қымбаттауы маусымдық сипатқа ие. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жыл басынан бері елімізде  шамамен 5,5 млн тонна сүт өндірілген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2,1% артық. Тауарлық сүт өндірісінің нақты көлемі 3,4 млн тонна болды. Бұл да бір жыл бұрынғыдан 1,3% артық. 

Соңғы екі жылда өңделген сүттің өзіндік құнының орташа есеппен 50 теңгеге, 2022 жылғы қарашада 197-200 теңгеге дейін өсуі байқалады. Кәсіпорындардағы сату бағасы 235-тен 300 теңгеге дейін жетті.

Қараша айында қымбаттаудың негізгі себебі жем бағасының өсуімен байланысты болып тұр. Бұл – өзіндік құнның 70%-ы. Сонымен қатар, импорттық шығын материалдары, соның ішінде қаптама ыдыстар қымбаттады.

Сондай-ақ биыл сүт саласын субсидиялауға шамамен 24,9 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде сүт өндіруге 18,6 млрд теңге бағытталды. Аталған мемлекеттік қолдауды саланың 467 субъектісі, оның ішінде сүт-тауар фермалары мен ӘКК-лар пайдаланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама