Halyq Uni логотип
×

Азық-түлік бағасы тұрақтай ма? - Жұманғарин жауап беруге қиналды

Бүгінде азық-түліктің 40%-ы Ресейден жеткізіледі

 Дәурен Ерболат 22.11.2022 | 11:55
Азық-түлік бағасы тұрақтай ма? - Жұманғарин жауап беруге қиналды
фото: ашық дереккөз

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда азық-түлік қымбаттамайды деп уәде бере алмайтынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкімет отырысынан шыққан министрге журналист «Қазақстанда азық-түлік бағасы тұрақтай ма?» деген сұрақ қойды.

Арамызда өтірік болмасын, мен сізге баға тұрақты болады деп айтқан емеспін. Біздің мақсатымыз – бағаның серпінін тоқтату. Баға тұрақты болуы үшін өзімізді азық-түлікпен қамтамасыз етіп, азық-түлік қауіпсіздігін жоғарылату керек. Қазір азық-түліктің 40%-ы Ресейден жеткізіледі. Бұрын 1 рубль – 4 теңге болса, қазір ол 8 теңге болды. Ресейдегі азық-түлік инфляциясы – 15%. Баға қалай тұрақтайды? - деді Серік Жұманғарин.

БАҚ өкілі «Жаңа жыл қарсаңында баға тағы аспандап кетпей пе?» деп сұрағын нақтылады.

«Аспандап кетпейді. Бірақ сізге баға тұрақты болады деп уәде бере алмаймын», - деп жауабын қысқа қайырды Үкімет басшысының орынбасары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама