×

Brent мұнайының бағасы соңғы тоғыз жылда бірінші рет 116 доллардан асты

Лондондағы ІСЕ биржасында мамырда жеткізілетін Brent мұнайы фьючерстерінің бағасы қымбаттады

 Ербол Тұрымбет 03.03.2022 | 09:38
Фото: Шамиль Жуматов / Reuters

Сауда-саттық қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 116 доллардан асқан. Мұндай баға соңғы рет 2013 жылдың тамызында тіркелген болатын.

Жақында Энергетика министрі Болат Ақшолақов мұнай бағасының қымбаттауының теріс жағы да болатынын айтты.

«Мұнай бағасы өте жоғары болса, аса жақсы емес. Өйткені мұнайды алуға қажет және мұнайдан алынатын түрлі матералдар қымбаттайды. Кейін мұнай бағасы түскенімен, әлгі бұйымдардың бағасы сол күйі қалады. Мұнай өндіруші кәсіпорындар қазірдің өзінде осыдан зардап шегуде. Сондықтан, менің ойымша, ыңғайлы дәліздің шегі, бір баррелі үшін 80 доллардан сәл жоғары болса, әрине, жақсы. Мұны әлемдегі нарық көрсетеді», - деп түйіндеді Энергетика министрі.

Биыл Қазақстанда 87,5 млн тонна деңгейінде мұнай өндіру жоспарланып отыр. Оның 17,9 млн тоннасы ішкі өңдеуге бағытталса, қалғаны экспортқа шығады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама