Еліміздің қай өңірінде дәрі-дәрмектің бағасы ең көп қымбаттаған?

Динара Амантай

Қазақстанда бір жылда фармацевтика өнімдерінің бағасы 13%-ға өсті

Фото: Halyq Uni

2022 жылдың қазан айында Қазақстанда фармацевтикалық өнімдердің бағасы бір жылда 13,3%-ға өсті, деп хабарлады Halyq uni тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Сарапшылардың мәліметінше, бағаның айтарлықтай өсуін Алматы қаласының тұрғындары сезген. Онда дәрі-дәрмек бірден 17,5%-ға қымбаттады. Сондай-ақ бағаның өсуі бойынша алғашқы бестікке Маңғыстау (плюс 17,1%), Ақтөбе (плюс 16,7%), Жетісу (плюс 16,2%) және Жамбыл (плюс 14,4%) облыстары кірді. Бағаның ең аз жылдық өсімі Қызылорда облысында тіркелген: «бар болғаны» 8,9%.

Ммамандардың айтуынша, биылғы қаңтар-қазан айларында елімізде құндық мәнде 112 млрд теңгенің дәрілік заттары өндірілген. Бұл бір жыл бұрынғыдан 13,2%-ға аз. Өңірлік тұрғыда ең көп өнім көлемі Шымкентке тиесілі: 46 млрд теңге, былтырғыдан 10,3% көп. Жетекші үш аймаққа сондай-ақ Алматы облысы (31,1 млрд. теңге, плюс жыл бойынша 23,4%) және Алматы қаласы (16,2 млрд. теңге, плюс 7,7%) кірді.

Ал 2022 жылдың 9 айында Қазақстанға сырттан құны 1 миллиард доллар болатын 18,7 мың тонна дәрі-дәрмек жеткізіліп отыр.