Halyq Uni логотип
×

Отбасы банк: Үкімет депозиттер бойынша сыйақыны алып тастау туралы ұсынысты қабылдамады

Бұл ұсыныс Индустрия министрлігіне енгізілген

 Айнұр Шошаева 02.03.2022 | 16:40
Отбасы банк: Үкімет депозиттер бойынша сыйақыны алып тастау туралы ұсынысты қабылдамады
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Отбасы банк» АҚ салымдары бойынша мемлекеттік сыйақылар төлеудің күшін жою жөніндегі ұсынысы заң жобасынан алынып тасталды. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады.  

Еске сала кетейік, «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» ҚР 2000 жылғы 7 желтоқсандағы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында «Отбасы банк» АҚ салымдары бойынша мемлекеттік сыйақылар төлеудің күшін жою көзделген болатын. Аталған ұсынысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі енгізген.

«Ағымдағы жылдың 1 наурызында ИИДМ-нің «Отбасы банк» АҚ-ға салымдар бойынша мемлекеттік сыйақыларды есептеуді алып тастау бойынша түзету енгізу ұсынысын Ұлттық экономика министрлігі қарады. Ағымдағы жылдың 2 наурызында мүдделі мемлекеттік органдармен талқылау қорытындысы бойынша бұл түзету заң жобасынан алынып тасталды», – делінген Ұлттық экономика министрлігінің берген жауабында.

Бұған қоса, минитстрлік тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесі-тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін төмен сыйақы мөлшерлемелері бойынша қарыз алу үшін жинақтарды жинақтауға негізделген тұрғын үйді қаржыландыру тетігі екенін еске салады. Халықтың салымдары меншік нысанына қарамастан мемлекеттік сыйақымен ынталандырылады.

2022 жылғы 18 ақпандағы жағдай бойынша салымшылардың саны шамамен 2,25 млн адамды құрайды. Салымшылардың жыл сайынғы өсімі шамамен 20%. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 61,6 млрд теңгеден (1,7 млн салымшы) астам мемлекеттік сыйақы төленген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама